Оқиға
1 мин оқу 154
Алматыда көліктен ер адамның мәйіті табылды

Алматыда көліктің ішінен ер адамның денесі табылды. Полиция қызметкерлері марқұмның қасында болған 33 жастағы адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ер адамның денесі «Айнабұлақ» ықшамауданында «Тойота» автокөлігінің ішінен табылды.
«Мәйіттен ешқандай зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Марқұмның қасында болған 1989 жылы туған Б. есімді азамат ұсталды. Олар жанжалдасқан болуы мүмкін», деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиғаның мән-жайын сот-медициналық сараптама анықтайтын болады.
Бөлісу: