Футбол
1 мин оқу 410

«Реал Мадрид» Чемпиондар лигасы финалына жолдама алды

<p style="text-align: justify;">Испанияның &laquo;Реал Мадрид&raquo; клубы футболдан UEFA Чемпиондар лигасы финалына берілген екінші жолдамаға ие болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жартылай финалдың екінші жұбында «Реал Мадрид» (Испания) мен «Манчестер Сити» (Англия) шеберлік байқасты.

Ойын барысында испаниялық клуб гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Дегенмен алдымен голды «Манчестер Сити» футболшысы Рияд Марез 73-минутта соғып кетті. Оған «Реал Мадрид» сапынан Родриго 90, 91-минуттарда қос голмен жауап берді. Төреші қосқан овертаймда Карим Бензема 95-минутта пенальтиден мүлт кеткен жоқ.

Испаниялық клуб қарсыласын 3:1 есебімен тізе бүктірді. Екі команда арасындағы алғашқы кездесуде «Манчестер Сити» 4:3 есебімен жеңген болатын. Қос ойынның қорытындысымен «Реал Мадрид» финалға жолдама алды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын финалға Англияның «Ливерпуль» командасы шықты. Олар жартылай финалда Испанияның «Вильярреалын» (2:0, 3:2) сүріндірді.

Айта кетсек, Чемпиондар лигасы финалына «Реал Мадрид» 17 мәрте шығып, оның 13-де кубокты төбесіне көтерді.

Бөлісу:
«Реал Мадрид» Чемпиондар лигасы финалына жолдама алды · Egemen Qazaqstan