Ауа райы
1 мин оқу 240

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

<p style="text-align: justify;">Қазгидромет 6 мамырда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.<br /><br /></p>

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, сондай-ақ батыста қатты жаңбыр жауады.

Республика бойынша кей жерлерде найзағай ойнайды; жел күшейіп, оңтүстік-шығыста, батыста – бұршақ, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – дауыл, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл болады. Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында дауыл, таулы асуларында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында бұршақ, дауыл күтіледі.

Атырау облысында, Алматы облысының оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, күндіз Павлодар, Қарағанды облыстарының батысында, солтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында, орталығында бұршақ, күндіз облыстың оңтүстігінде – шаңды дауыл, облыстың басым бөлігінде – желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі. Түнде Қостанай облысының солтүстігінде желдің 15-20 м/с күшеюі, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с күшеюі күтіледі.

Таңертең және күндіз Ақмола облысында желдің 15-20, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 25 м/с күшеюі күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады · Egemen Qazaqstan