Аймақтар
1 мин оқу 350

Жарияланбаған жинақ

<p style="text-align: justify;">Қазақ тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мұрасы жайлы аз айтылып жүрген жоқ. Біз білмейтін шығармалары да бар екен. Облыс орталығындағы Торайғыров университетінде өткен &laquo;Мәшһүр Жүсіптің тарихи мұрасы мен қоғамның рухани дамуы&raquo; атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Мәшекеңнің бұған дейін жария болмаған шығармалары үш томдық болып шығатыны сүйіншіленді.</p>

Жарияланбаған жинақ

Аталған білім ордасында 2004 жылдан бері ғы­лы­ми-тәжірибелік орталық жұмысын жалғастыруда. «Мәш­һүртану» пәні де енгі­зілген. Осы уақытқа де­­йін М.Ж.Көпеевтің шы­ғар­­малары мен энцикло­пе­дияларының 20 томдығы жарық көрді. Балаларға ар­налған иллюстрациялық әңгімелер жинағы да оқыр­манға жол тартты. Қазіргі уақытта орыс тіліндегі үш томдық әзірленіп жатыр екен. Оның құрамында бұған дейін жария болмаған шығармалары енгізілмек.

Р.Б.Сүлейменов атын­­дағы Шығыстану инс­­титуты Тарихи ма­те­риал­дарды зерттеу респуб­ли­ка­лық ақпараттық орта­лы­ғының директоры Меруерт Әбусейітова Мәшекең та­рихты шежіре арқылы жет­кізгенін атап өтті. «Мәш­һүр Жүсіптің жазба дәстү­рі бірегей әрі өзге ауызша та­рих жинаушыларына ұқса­майды. Ол «дала тари­хы» бағытының негізін қа­лаушы», деді тарих ғы­лымдарының докторы.

Білім және ғылым ми­нистрлігі жанындағы Дін­тану, саясаттану және философия институтының бас ғылыми қызметкері Аяжан Сағиқызының айтуынша, Мәшһүр Жүсіптің мұрасы ­рухани болашаққа бағыттайды. «Ойшылдың мұрасы әр адам өз халқын, дәстүрін, ұрпақтарын құр­меттеп, сүйіп өмір сүру керек дейді. Бұл өмір­лік қа­ғидаттар адам тұр­мы­сы­ның мағына­сын анықтауға кө­мектеседі. Бі­рақ Мәшһүр Жүсіптің негізгі ­идеясы бо­ла­шаққа апарар ­жол ту­ған жер, адамдарға деген сү­йіспеншілік арқылы жетеді деген пікірге саяды», дейді философия ғылымдарының докторы.

Павлодар облысы

Бөлісу:
Жарияланбаған жинақ · Egemen Qazaqstan