Елорда
1 мин оқу 200

Нұр-Сұлтанның сол жағалауында екі көше уақытша жабылады

<p style="text-align: justify;">Қабанбай батыр даңғылы мен Бөкейхан көшесінде орташа жөндеу жұмыстарына байланысты жолдар жабылады, деп хабарлады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Нұр-сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап.</p>

Жөндеу жұмыстары қалалық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасымен келісілген.

«7-9 мамыр аралығында Бөкейхан көшесі мен 8-9 мамыр аралығында Қабанбай батыр даңғылында Қабанбай батыр даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында, сондай-ақ Jusan Bank ауданындағы Бөкейхан мен Сығанақ көшелерінің арасында қозғалыс толығымен жабылады», деп хабарлады басқарма.

Кептелісте тұрмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Нұр-Сұлтанның сол жағалауында екі көше уақытша жабылады · Egemen Qazaqstan