Қазақстан
1 мин оқу 364

Ресей Қошқарбаев туралы мұрағат құжаттарын Қазақстанға тапсырды

<p style="text-align: justify;">Сенбіде Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Қарулы күштерінің мемлекеттік әскери-тарихи мұражайына мұрағат құжаттарының көшірмесін табыстады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Бұл материалдар лейтенант Рақымжан Қошқарбаев пен қатардағы Григорий Булатовтың ерлігінің дәлелі. Олар 1945 жылы 30 сәуірде бірінші болып Рейхстагқа Жеңістің қызыл туын тікті»,  делінген елшілік хабарламасында.

Тәуелсіз қазақстандық журналист Ақмарал Баталованың арқасында құжаттар табылып, кітап болып басылып шықты.

Салтанатты шараға Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин, Қазақстан Қарулы Күштері бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Серік Борамбаев, Нұр-Сұлтандағы Русский дом қызметкерлері қатысты.

Іс-шара Қазақстанда Ұлы Жеңістің 77 жылдығын мерекелеу бағдарламасының маңызды бөлігі, деп қосты елшілікте.

Бөлісу:
Ресей Қошқарбаев туралы мұрағат құжаттарын Қазақстанға тапсырды · Egemen Qazaqstan