Бокс
1 мин оқу 411

Өзбекстандық қазақ «Канело» - Бивол андеркартында жеңіске жетті

<p style="text-align: justify;">Өзбекстанның намысын қорғайтын қазақ боксшысы Елнұр Әбдураимов Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өткен бокс кешінің андеркартында жеңіске жетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Vesti.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Оның қарсыласы жеңілмеген кубалық боксшы Мануэль Корреа болды. Екінші жеңіл салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланғанымен, екіншісінде аяқталған.

Әбдураимов қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Өзбекстандық боксшы тоғызыншы кәсіпқой жекпе-жегінде жеңіске жетіп, Корреа карьерасында алғаш рет жеңілген.

Бөлісу:
Өзбекстандық қазақ «Канело» - Бивол андеркартында жеңіске жетті · Egemen Qazaqstan