Еліміздің кейбір өңірлерінде құрғақшылық күтіледі
<p style="text-align: justify;">Қазақстан аумағының басым бөлігінде мамыр бойы ылғалдану жағдайлары нормаға жақын болады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «Қазгидрометке» сілтеме жасап.</p>

Синоптиктердің болжамы бойынша Ақмола облысы Степногорск қаласының маңында; Солтүстік Қазақстан облысы, М. Жұмабаев атындағы ауданда; Қызылорда облысы, Арал ауданында; Ақтөбе облысының Әйтеке би және Хромтау аудандарында орташа құрғақшылық күтіледі.
Ал қатты құрғақшылық мына өңірлерде болады: Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында; Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданында.
Қалған жерлерде, атап өтсек, негізінен Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында, сондай-ақ Жамбыл облысының оңтүстігінде және Түркістан облысының Созақ ауданында. Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ. Мүсірепов атындағы, сондай-ақ Тимирязев және Тайынша аудандарында;
Ақтөбе облысы — Ырғыз және Ойыл аудандарында; Алматы облысы — Еңбекшіқазақ және Іле аудандарында; Шығыс Қазақстан облысы — Шемонаиха және Үржар аудандарында құрғақшылық болады.
Аяна Тоғанбек
