Аймақтар
1 мин оқу 380

Атыста үш адам оққа ұшты

<p style="text-align: justify;">Жетінші мамыр күні кешке әлеуметтік желіде Қызылорда қаласының Титов шағын ауданында болды деген атыстың видеосы тарап, жұртшылық дүрлікті де қалды.</p>

Атыста үш адам оққа ұшты

Кейінірек белгілі болғандай, сол күні жергілікті сағат 19:45-те полиция департаментінің кезекші бөліміне шағын аудандағы Манап Көкенов кө­шесінің бойында орналасқан «Мей­рамбек»­ азық-түлік дүкенінің алдында белгісіз адамды атып кеткендігі туралы хабарлама түскен.

Бір таңғаларлығы, жергілікті полиция оқыс оқиға туралы әлі ресми хабар таратқан жоқ. Олар енді брифинг өткізіп, қару қолданылған жағдайдың жай-жапсары, қолданылған шаралар туралы баяндамақшы болып отыр.

Ал әлеуметтік желідегі мәліметке сүйенсек, сол күні оқиға орнын қарау барысында М.Көкенов көшесінің бойында 1996 жылы туған бір аза­маттың аңшы мылтығымен басы­на және №23 үйдің ауласынан 29 жас­­­тағы жігіттің «Макаров» тапаншасымен бетіне оқ тиген  және аты-жөні анықталмаған тағы белгісіз азаматтың кеудесіне тапанша оғы тиген мәйіті табылған.

Сонымен қатар осы көше бо­йындағы №23 үйдің иесі, 1975 жылы туған қала тұрғыны мен 23 жастағы тағы бір азаматтың аяғынан жараланғаны анықталған. Атыста жараланғандар жедел жәрдеммен қалалық ауруханаға жеткізіліп, жедел-тергеу тобы іздестіру жұмыстарын қолға алыпты.

Сөз басында айтып өткеніміздей, оқиғаның анық-қанығы алда болатын брифингте белгілі болмақ.

Қызылорда

Бөлісу:
Атыста үш адам оққа ұшты · Egemen Qazaqstan