ШҚО-да дала оты өршіп тұр
<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысында дала өрті өршіп тұр. Күн сайын құтқарушылар 20-30 өртті сөндіруге аттанады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар дала өртімен дамылсыз күресуде. 10 мамырда Алтай ауданы Ермаковка ауылында шөп пен бұталар жанған. Отты ауыздықтауға жеке құрамнан 54 адам, 8 техника, жергілікті атқарушы органнан 8 қызметкер, 2 техника, орманшылардан 20 адам мен 4 техника жұмылдырылды.
Бұдан бөлек, «Қазавиақұтқару» АҚ-ның МИ-8 тікұшағы тартылып, әуеден 33 тонна су төгілді. 70 гектар аумаққа жайылған өрт сағат 20.50-де оқшауланды.
Алдын ала мәлімет бойынша жалынның шығуына отты пайдалануда қауіпсіздік шараларын сақтамау себеп болған.
Көп жағдайда өрт ашық аумақта, саяжайларда және тұрғын үй секторында тіркеледі.
Аяна Тоғанбек
