Қазақстан
1 мин оқу 305
Елордада баланы құтқарған азамат марапатталды
<p style="text-align: justify;">Төтенше жағдайлар министрлігі терезеден құлап бара жатқан баланы аман алып қалған азаматты марапаттады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Елордада терезеден құлағалы тұрған баланы аман алып қалған Сәбит Шонтақбаев «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Төсбелгіні Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев табыстады.
Еске сала кетейік, бүгін елордада сегізінші қабаттан құлағалы тұрған бүлдіршін құтқарылды.
Бөлісу: