Елорда • 11 Мамыр, 2022

Елордада сегізінші қабаттан құлағалы тұрған бүлдіршін құтқарылды

565 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны сегізінші қабаттың терезесінде ілініп жаздаған кішкентай қызды құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада сегізінші қабаттан құлағалы тұрған бүлдіршін құтқарылды

«11 мамырда сағат 10:21-де Ұлы Дала көшесі бойында орналасқан көпқабатты үйдің сегізінші қабатында бала ілініп тұрғаны туралы хабарлама түсті. Шақырту орнына жедел түрде Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бөлімшелері жіберілді. Оқиға орнына құтқарушылар жеткенше балконның ернеуіне ілінген баланы төмендегі қабатта тұратын ер адам құтқарып алған», деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға болған кезде 2019 жылы туған қыздың ата-анасы үйде болған, бірақ дәл сол сәтте баланың балконда жүргенін ешкім байқамай қалған. Жетінші қабатта тұратын Сәбит Шонтақбаев жылап тұрған баланы көріп, ойланбастан құтқару бойынша іс-қимыл жасап, санаулы секундтарда қызды құтқарып алған.

«Сәбит Шонтақбаев батылдығы үшін марапатқа ұсынылады», деп хабарлады елордалық ТЖД.