Спорт
1 мин оқу 160

Мугурусадан мерейін асырды

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Теннистен Италияда өтіп жатқан ірі халықаралық турнирдің екінші кезеңі аяқталды. Қазақстанның ойыншылары арасынан алғашқы болып Елена Рыбакина кортқа шықты.</p>

Мугурусадан мерейін асырды

Алғашқы айналымда ресейлік Элина Аванесяннан айласын асырған қаза­стан­дықтың келесі күні АҚШ-тың өкілі Лорен Дэвиспен шеберлік байқасты. Жерлесімізге WTA тізімінде 89-орында тұрған 26 жастағы теннисшіні ұту аса қиындық туғызған жоқ. Екі сеттік сайыс 6:4, 6:3 есебімен Елена­ның пайдасына шешілді. Ал Юлия Путинцева тым мықты қарсыласқа тап болды. 28 жастағы Гарбинье Мугуруса кезінде әлемдік рейтингте көш бастап, «Ролан Гаррос» пен «Уимболдон­ның» жеңімпазы атанды. Аустралияның ашық біріншілігінің финалында ойнады. Қазіргі кезде ол үздіктер тізімінде 10-орынды иеленуде. Осындай мықты ойыншымен Юлия еш аянбай айқасты. Бірінші сет Гарбиньенің пайдасына шешілді – 6:3. Екінші сет тай-брейкке дейін ұласып, бұл жолы жерлесіміз жеңіске жетті – 7:6. Шешуші кезеңде Путинцева шеберліктің шынайы үлгісін көрсетіп, әйгілі қарсыласын ойсырата ұтты – 6:1. Бұл бәсеке 2 сағат 17 минутқа созылды.

Үшінші айналымда Елена Рыбакина швейцариялық Хиль Белен Тайхманмен шеберлік байқасса, Путинцева тунистік Онс Жабермен күш сынасады.

Бөлісу:
Мугурусадан мерейін асырды · Egemen Qazaqstan