Түркістан облысында дәрілік шөпті заңсыз қазған шетелдіктер ұсталды
<p style="text-align: justify;">Түркістан облысында емдік қасиеті өте жоғары дәрілік «Кеурек» шөбін заңсыз қазған 130-дан астам шетелдік ұсталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Түркістан облысының полицейлері жүргізген рейд барысында Отырар ауданында 33 Тәжікстан азаматы, Арыс ауданында 101 Өзбекстан азаматы заңсыз жұмыс істеп жүргендігі анықталған. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша жауапқа тартылды.
Сонымен қатар «Кеурек» шөбін қазуға заңсыз шетелдік жұмыс күшін тартқан Қазақстан Республикасының 2 азаматы анықталып, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабымен «Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту» бойынша хаттама толтырылды.
Аяна Тоғанбек

