Оқиға
1 мин оқу 250

Шулы видеодан кейін алматылық шенеунік қызметінен кетуі мүмкін

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Алматы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап&nbsp;хабарлайды.</p>

Мемлекеттік қызмет істері департаментіндегі Әдеп жөніндегі кеңес Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағалиді қызметінен босату туралы шешім қабылдаған.

«Мемлекеттік қызмет істері департаментіндегі Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері жоғары лауазымды тұлғаны қызметінен босату туралы шешім қабылдап, басқармаға ұсыныс жасады. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы шешімді 10 жұмыс күні ішінде (20 мамырға дейін) қабылдауы керек», деді Алматы әкімінің баспасөз қызметінен.

Еске салайық, бұған дейін қызметкерімен сыйақы туралы сөз таластырған Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары түсірілген видео әлеуметтік желіде тараған еді.  Интернет қолданушылары аталған оқиғаны қызу талқылады. 

Бөлісу:
Шулы видеодан кейін алматылық шенеунік қызметінен кетуі мүмкін · Egemen Qazaqstan