Өнер
1 мин оқу 600

Таңғажайып тосын бейнелер

<p>Елордадағы Ұлттық музейде Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, дарынды қылқалам шебері Ботагөз Төлештің &laquo;Жаңару&raquo; атты жеке көрмесі ашылды.</p>

Таңғажайып тосын бейнелер

Мазмұнды шараның ашылуында  Парламент Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай су­ретші шығармашылығы туралы салмақты ой қозғап, көрмеге қойылған кестесі көркем, өрнегі әсем картиналар көрерменді бей-жай қалдырмайды десе, Ұлттық музейдің ғылыми хатшысы Саялбек Гиззатов іс-шараның негізгі мақсатына тоқталып, қоғамдағы нәзік жандыларды алаңдатқан сан алуан өзекті мәселелерді қылқалам иесі өз туындыларында емеурінмен шебер жеткізе білгендігін сөз етті. Сондай-ақ белгілі суретші Сем­біғали Смағұлов та талантты әріптесінің бейнелеу өнерінде ешкімге ұқсамайтын қолтаңбасы бар екендігін жеткізді.

Жалпы, суретші тақырыбы  тосын, уақыт аралығындағы кеңістік, қимыл-қозғалыс,  шексіз қазақ даласы,  құстардың ұшуы, әуен үні, қыздардың арманы секілді болып келеді. Сондықтан да, оның картиналарындағы бейне­лер, бояу түсі, айтар ойы – бәрі де фило­софиялық астармен берілген. Суретші сізге бірден сырын ашпайды, жабық құлып секілді, оны түсіну үшін кілтін іздейсіз.

г

Ботагөз – өнерлі отбасынан шыққан, әкесі Шоқан Төлеш – танымал мүсінші. Алайда ол сәндік-қолданбалы өнердің гобелен секілді күрделі түрін қуып, өз өрнегін тапқан. Бүгінге дейін оның көрмелері елімізден бөлек, Түркия, Болгария, Поль­шада ұйымдастырылған. Бір­қатар жұмыстары Қазақстан, Ұлыбритания, АҚШ және  Ита­лияның жеке коллекцияларында сақтаулы тұр.

Іс-шара соңында көрме ие­сіне Қазақстан Суретшілер одағы атынан бейнелеу өнеріне қос­қан еңбегі үшін Алғыс хат табыс етілді.

Бөлісу: