Оқиға
1 мин оқу 300
Павлодарда 1,5 жасар бала тоғызыншы қабаттан құлап кетті
<p style="text-align: justify;">Павлодарда бір жарым жасар қыз тоғызыншы қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.</p>
Қайғылы жағдай Толстой көшесі, 90 мекенжайындағы тұрғын үйде болды. Қыз тоғызыншы қабаттан дүкеннің үстіне құлаған.
Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балаға ауыр бас сүйек-ми жарақаты, травматикалық шок диагнозы қойылған.
«Зардап шегушінің жағдайы өте ауыр, ол инотропты қолдау және өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», деп мәлімдеді дәргерлер.
Бүлдіршін облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.
Бөлісу:

