Аймақтар
1 мин оқу 420
Ақтауда сарбаз әскерден қашып кетті
<p style="text-align: justify;">Ақтауда 6656 әскери бөлімінің әскери қызметкері патрульдік бағытты рұқсатсыз тастап кеткен, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Lada.kz-ке сілтеме жасап.</p>
Ұлттық ұланның 6656 әскери бөлімі бұл деректі растады. Қазір іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Белгілі болғандай, 18 жастағы әскер қатарына шақырылған сарбаз Бағлан Әділбеков 14 мамыр күні түнде сағат 22:55-те 4-шағынаудандағы патрульдік бағыттан шығып кеткен.
Әскери қызметкер ҚР Ұлттық ұланының «Ұлттық Ұлан» деген жазуы бар көк түсті формасы мен қара түсті әскери аяқ киім киген. Бойы 160-170 сантиметр, шашы қара, көзі қоңыр.
Бөлісу:
