Қазақстан
1 мин оқу 480

«Мерейлі отбасы» конкурсына өтінімдер қабылдау басталды

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін &laquo;Мерейлі отбасы&raquo; ұлттық конкурсына қатысу үшін өтінімдер қабылдау бастады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Аталған конкурс ҚР Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы №250 өкіміне сәйкес елімізде жыл сайын өткізіледі.

Мақсаты - отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану, ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және кеңінен насихаттау.

Конкурс екі кезеңде өтеді: бірінші – аудандық, қалалық кезең, екінші – облыстық кезең.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қажетті құжаттармен қоса, арнайы нысан бойынша аудандық, қалалық комиссияларға 2022 жылғы 15 маусымға дейін тапсыру қажет.

Конкурсты ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыруда.

Бөлісу:
«Мерейлі отбасы» конкурсына өтінімдер қабылдау басталды · Egemen Qazaqstan