Аймақтар
1 мин оқу 310

Қызылордада 16 адамды алдаған алаяқтар ұсталды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қызылордада 16 адамды алдап кеткен алаяқтар ұсталды. Олар тұрғындарды мұнай компаниясына жұмысқа орналастыруға уәде берген, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Алаяқтар тұрғындарды Теңіз мұнай компаниясына жұмысқа орналастырамыз деп уәде берген.

«Байқоңыр полициясына 16 тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны туралы арызданған. Осы жылдың наурыз-сәуір айларында екі азамат әлеуметтік желі арқылы арнайы топ ашқан. Онда ақшалай сыйақы арқылы Атырау облысындағы Теңіз мұнай компаниясына жұмысқа орналастыратынын айтқан. Сол арқылы әр адамнан 150-200 мың теңге аралығында банктегі есепшотына ақша аудартқан. Жәбірленушілерге келген шығын үш млн теңгеге жуықтаған», делінген Қызылорда облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында екі күдікті әйел ұсталды. Олардың екеуі де Қызылорда облысында дүниеге келген.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Бөлісу:
Қызылордада 16 адамды алдаған алаяқтар ұсталды · Egemen Qazaqstan