Аймақтар
2 мин оқу 570

Лай көшкіні балдырған қыздың өмірін қиып кетті

<p style="text-align: justify;">Апаттың айтып келмейтіні анық. Күні кеше Текелі қаласында лай көшкіні болып, табиғи жағдайдың соңы ауыр қазамен аяқталды.</p>

Лай көшкіні балдырған қыздың өмірін қиып кетті

Жексенбі күні түс мезе­тінде бол­ған лай көшкіні қаланың Қонаев кө­шесіндегі 5 үйді бірден басып қалған. Бір үй толығымен батпақ үйін­дісінің астында қалып, жермен жексен болды. Өкінішке қарай, дәл осы үйдегі 5 жасар балдырған қыз құлаған үйдің астында қалып, шейіт кетті.

Төтенше оқиға туралы хабар жетісі­мен Текеліге Ал­маты облысы әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашов бастаған топ жедел жетті. Оның же­тек­шілігімен облыстық жедел штаб құрылды. Штаб жұ­мысына облыстық төтенше жағдай департаментінің бас­шылығы, облыс әкімінің орын­басары Батыржан Бай­жұ­манов және облыстық по­ли­ция департаментінің қыз­меткер­лері жұмылдырылды. Мамандар адамдарды қауіпсіз жерге көшіріп, із-түзсіз жо­ғалған баланы іздеуге барын салды. Із кесуге иісшіл ит те қосылды. Алайда 6 сағат бойы жүрген іздеу жұмысынан соң 2016 жылы туған қыздың денесі табылды. Шетінеген балдырғанды көш­кіннен құ­лаған үй басып қалған екен.

ак

– Өткен жексенбі күні түс кезінде Текеліде лай көшкіні болды. 5 үй батпақ үйіндісінің астында қалып, соның ішін­де бір үй толығымен қираған. Осы үйдегі 5 жасар балдырған із-түз­сіз жоғалып, оқиға орнында учаске­лерге бөлініп, арнайы мамандар мен құт­қарушылар жұмыс істеді. Іздеу жұ­мы­сына кинологиялық қызметті жұ­мыл­дырғаннан кейін үйінді арасынан қыздың денесі табылды. Қазір лай көшкінінен зардап шеккен отбасылар уа­қытша мекенге орналасты­рылды және басқа да қажетті көмек көрсетілуде. Оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр. Соның нәтижесі бо­йынша тиісті шаралар қабыл­данатын болады, – деді бізге облыс әкімінің бірінші орынбасары, төтенше жағдай жө­нін­дегі арнайы штаб жетек­шісі Ләззат Тұрлашов.

Алматы облысы

Бөлісу:
Лай көшкіні балдырған қыздың өмірін қиып кетті · Egemen Qazaqstan