Оқиға
1 мин оқу 210

Қала көшелерінде көкпар тартқандар қамалды

<p style="text-align: justify;">Қаскелең көшелерінде көкпар тартқан адамдар 10 тәулікке қамалды, деп хабарлайды&nbsp; <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Алматы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.</p>

Нақтырақ айтқанда, көкпар тартқан алты адам ұсталды.

«Олар қала тұрғындары мен автокөлік жүргізушілерінің қауіпсіздігіне қатер төндірді, сондай-ақ материалдық залал келтірді. Оларға қатысты әкімшілік іс қозғалды. ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша «ұсақ бұзақылық» жасағаны үшін жауапқа тартылды. Әрқайсына 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамау түрінде жаза тағайындалды. Сондай-ақ олар ӘҚБтК-нің 614-бабы 1-бөлігі бойынша «көлік құралдарына кедергі келтіргені үшін» жазаланды», деді аймақтық ПД баспасөз қызметіндегілер. 

Бөлісу:
Қала көшелерінде көкпар тартқандар қамалды · Egemen Qazaqstan