Спорт
1 мин оқу 183

Көш басында өзгеріс жоқ

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Екінші демалыс күнінен кейін қайта жалғасқан &laquo;Джиро д&rsquo;Италия&raquo; вело&shy;көп&shy;күндігінің 10-кезеңі мәресіне жет&shy;ті. Жаппай спринтте аяқталған бұл ке&shy;зеңде 22 жастағы Биниам Гирмай топ жарды.</p>

Көш басында өзгеріс жоқ

Пескара мен Ези қалаларын жалғаған 196 шақырымдық жолды Intermarche-Wanty-Gobert Materiaux командасының эритреялық велошабандозы 4 сағат 32 минут 7 секундта жүріп өтті. Жеңімпазбен мәре сызығын бірге кескен «астаналық» Фабио Феллини мен Винченцо Нибали 12 және 15-орындарға жайғасты.

10-кезеңнен кейін де жалпы есептегі үздіктер өзгеріссіз қалды. Хуан-Педро Лопес (Trek-Segafredo), Джоау Альмейда (UAE Team Emirates) және Ромен Барде (Team DSM) бұрынғыша алғашқы үш орынды өзара бөлісіп келеді. Ал «Астана» велокомандасының өкілі Винченцо Нибали 13-орында тұр.

Бөлісу:
Көш басында өзгеріс жоқ · Egemen Qazaqstan