1 млрд теңге жымқырған шенеунік 7 жылға сотталды
<p style="text-align: justify;">«Семей машина жасау зауыты» АҚ лауазымды тұлғаларының 1 миллиард теңгеден астам қаражатты ұрлағаны анықталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚР Қаржы мониторингі агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
«Семей машина жасау зауыты» АҚ лауазымды тұлғаларының 1 миллиард теңгеден астам қаражат ұрлағаны анықталды. Ұрлық қосалқы бөлшектер құнын асыра бағалау және еліміздің әртүрлі әскери бөлімдерін бұрын пайдаланылған танк қозғалтқыштарымен, сондай-ақ танк шлемофондарымен қамтамасыз ету арқылы жасалған. Тергеу барысында зауыт директорының бірінші орынбасары Қ.Р. Сүлейменов танкілерге арналған жаңа қозғалтқыштардың орнына 1985-2012 жылдары шығарылған қозғалтқыштарды жеткізуді ұйымдастырғаны анықталды», делінген хабарламада.
Семей қаласы сотының үкімімен Қ. Сүлейменов 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
