Референдум
1 мин оқу 170

Жезқазғандықтармен жүздесті

<p style="text-align: justify;">Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаты Рысқали Әбдікеров Жезқазған қала&shy;сы&shy;ның тұрғындарымен кездесуде Конститу&shy;ция&shy;ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жө&shy;нін&shy;дегі алдағы республикалық референдумды талқылады.</p>

Жезқазғандықтармен жүздесті

Сенатор алдағы оқиғаның маңызына тоқтала келіп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған Жаңа Қазақстанның құрылысы саяси реформасыз жүзеге асуы мүмкін еместігін атап өтті.

«Жаңа үлгіде өсіп-өркендеу бойынша Парламент пен мәслихаттардың рөлі айтарлықтай күшейе түседі, азаматтардың мемлекет тыныс-тіршілігіне қатысуы айтарлықтай кеңейеді, құқық қорғау саласы жүйелі түрде нығая түседі. Референдумға қатысу әрбір азамат­тың конституциялық құқығын іске асыру­­дың кепілі болып табылады және бұл орайда қоғам қайраткерлері мен белсенділерге маңызды рөл бері­леді», деп атап өтті Рысқали Әбдікеров.

Сенатор сондай-ақ қала әкімдігінде де болды. Актив алдында сөз алған ол Конституцияға енгізілетін түзетулер Тәуелсіз Қазақстан тарихында әділ мемлекет құрудың жаңа кезеңінің бастауы болатынын атап өтті.

Бөлісу:
Жезқазғандықтармен жүздесті · Egemen Qazaqstan