Пікір
2 мин оқу 1,260

Өнер адамдарын алқалау керек

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың &laquo;Қазақстан&shy;ның халық әртісі&raquo; атағын қайтаруы &ndash; көптен күт&shy;кен ұйғарым болды. Мен бұл мәсе&shy;лені біраз уақыттан бері қозғап жүр&shy;дім. Жалпы, өнер адамы алқалап, қоше&shy;мет-құрмет көрсеткенді ұнататын қауым. Олар сол қолпаштау арқылы еңбе&shy;гінің бағаланғанын сезінеді, шығар&shy;ма&shy;шылық тынысы кеңейеді.</p>

Өнер адамдарын алқалау керек

Бұрын өнер атақтарына орынсыз тежеулер болды. «Қайраткер» дегенді шығарды. Оны, шынын айтқанда, жұрт­тың бәріне беретін болды. Біздің ұлт­тың менталите­ті­не сай өнерге бері­летін атақтарға үйренгенбіз. Ол солай болу керек деп ойлаймын. Айна­ламыздағы ТМД елдерінің бәрінде де «Халық әртісі» атағы бар. Ал бізде жөнсіз алынып тасталды. Сосын бәрі бей­берекет «қайраткер» атанды. Ақи­қатында, елге еңбек етіп жүрген біз бәріміз қайраткерміз. Бірақ нақ­ты қай саланың қайраткеріміз?.. Сондықтан әсіресе, өнер жасап жүр­ген шығармашыл жандарға «Қа­зақстанның халық әртісі» ата­ғы­ның қайтарылуы өте орынды. Ал «қайраткерлікті» оңтайлап, өзінің деңгейімен лайықты өз адамдары­на беру керек. Яғни продюсерлерге, ұйымдастырушыларға, тағы басқа да өнер адамдарының айналасында жүрген жандарға үлкен еңбегі үшін «қайраткер» атағын ­беруге болады.

Осы орайда «Халық әртісі» ата­ғы­мен қоса «Еңбек сіңірген әртісі» де­генді де қосу керек деген ұсы­нысым бар. Бұл санатқа жақ­сы жұмыс­тарымен елге танымал болып қалған әнші, музыкант, актер­лерді кіргізсе болады. Яғни бұл атақ жастарға шығармашылық қолдау ретінде жүзеге аспақ. Бұл оның одан кейін де жұлдыздай жар­қырай түсуіне, тынбай еңбек етуіне серпін болады. Ал «Халық әртісі» ата­ғының жөні де, жолы да бөлек. Әрине, оған қазақ өнерінің дамуына орасан зор үлес қосқан, тұлға­лық қасиетке жеткен өнер адамдары лайық.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ше­ші­мі дұрыс шешім болды. Өнер адам­­дарын залда отырып ду қол шапа­лақ­тағандай алқа­лап, ар­қа­сынан қағу керек. Мұн­дай марапаттар, ең ал­ды­мен өнер адам­дарының еңбе­гін елеу­ді біл­діреді. Сондай-ақ ол шығар­ма­шы­лықтың кең қанат жаюы­на, биіктеп ұшуына талпындырады.

Тұңғышбай ЖАМАНҚҰЛОВ,

Қазақстанның халық әртісі

Бөлісу:
Өнер адамдарын алқалау керек · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар