Спорт
1 мин оқу 143

Екі ойын кейінге шегерілді

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Футболдан Қазақстан чемпионатының 12-туры аясында төрт кездесу жос&shy;пар&shy;ланғанымен, ауа райының қолай&shy;сыздығына байланысты екі матч өтпей қалды.</p>

Екі ойын кейінге шегерілді

«Қайрат» өз алаңында «Шахтерді» қабыл­дады. Осының алдындағы алты ойында жеңіске жете алмай, өткен турда «Астанадан» ойсырай ұтылған алматылықтар осы жолы «Шахтерді» 2:0 есебімен жеңді. «Атырау» мен «Астана» матчын да жанкүйерлер қызыға тамашалады. Өте тартысты өткен кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

«Ордабасы» мен «Ақсу» арасындағы матчтың 8-минутында Кәрім Сұлтанов алаң иелерін алға шығарған еді. Алайда қатты соқ­қан желден Шымкенттегі стадионның ша­тыры құлап, бәсеке тоқтатылды. Сондай-ақ «Тұран» мен «Ақтөбе» кездесуі де кейінге ше­герілді.

Бөлісу:
Екі ойын кейінге шегерілді · Egemen Qazaqstan