Аймақтар
1 мин оқу 205

Түркістан тауларында адасқан 4 адам құтқарылды

<p style="text-align: justify;">Тауға серуендеп шыққан азаматтар Наутсай шатқалынан 10 шақырым жердегі Құлыншақты таулы жерінен табылған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, тауда адасып қалған азаматтар туралы ақпарат кеше сағат 22:10-да 112 байланыс пунктіне түскен. Олар күндізгі сағат 11:00 шамасында Сусіңген көлінен шығып, «Алтын дән» демалыс аймағына бағыт алғаны белгілі болды. Содан қайта оралмаған.

Іздестіру жұмыстарына төтенше жағдайлар қызметінің 17 құтқарушысы мен кинология бөлімінің 1 қызметкері, 2 техника және полиция департаментінің 4 қызметкері, ұлттық парктің 5 қызметкері жұмылдырылған.

«Іздеу нәтижесінде жоғалғандар 23 мамыр сағат 02:32-де Құлыншақты таулы шатқалынан табылды. Өздерінің айтуынша, тұманда адасып қалған. Сағат 06:35-те іздеу тобы жоғалғандарды түсіріп, құтқарған. Ешқайсысы медициналық көмекті қажет етпеді», делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Бөлісу:
Түркістан тауларында адасқан 4 адам құтқарылды · Egemen Qazaqstan