Қоғам
1 мин оқу 360

Ақмола облысында үш жасар бала терезеден құлап кетті

<p style="text-align: justify;">Нұр-Султан қалалық балалар ауруханасының нейрохирургия бөлімшесіне терезеден құлаған үш жасар бала жатқызылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

21 мамыр күні сағат 16:00 шамасында кәмелетке толмаған бала үйде жалғыз қалып қойып, төртінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Бұл кезде баланың анасы азық-түлік дүкенінде болғаны анықталды.

Тексеру барысында оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталатын болады.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері отбасы еш жерде есепте тұрмайтындығын анықтап жатыр.

Бөлісу:
Ақмола облысында үш жасар бала терезеден құлап кетті · Egemen Qazaqstan