Спорт
1 мин оқу 152

Карапастың қарқыны күшті

<p style="text-align: justify;">&laquo;Джиро д&rsquo;Италия&raquo; көпкүндігінің 15 кезеңі Ривароло мен Конь өңірлері ара&shy;&shy;&shy;лығында өтті. Таулы аймақта өткен 178 ша&shy;қырымдық қашықтықта Джу&shy;лио Чикконеге тең келер ешкім табыл&shy;мады.</p>

Карапастың қарқыны күшті

Жарысты басынан аяғына дейін бір дем­мен өткізген Trek-Segafredo клубы сапын­дағы италиялық велошабандоз мәреге 4 сағат 37 минут 41 секундта жетті. Екінші және үшінші орындарда – колумбиялық Сантьяго Буитраго (Bahrain-Victorious) мен испа­ния­лық Антонио Педреро (Movistar). «Ас­таналық» Фабио Феллине 11-орынға табан тіреді.

Жалпы есепте эквадорлық Ричард Карапас (INEOS Grenadiers) алда келеді. Оның көрсеткіші – 63 сағат 06 минут 57 секунд. Көш басындағы саңлақтан аустралиялық Джей Хиндли (BORA-hansgrohe) мен португалиялық Жоау Алмейда (UAE Team Emirates) сәл ғана қалыс тұр. Қазақстандық команданың ең үздік велошабандозы Вин­ченцо Нибали сегізінші сатыға нық орнықты.

Бөлісу:
Карапастың қарқыны күшті · Egemen Qazaqstan