Аймақтар
1 мин оқу 332

Саяжайдан есірткі зертханасы табылды

<p class="Text_root__k3x6F Text_size_md__1RW_V Text_tablet-size_lg__2cbbL Text_lineHeight_lg__3livc Text_tablet-lineHeight_sm__3Yyr6 Text_color_black__GPxvg Text_bold__2rCkP" style="text-align: justify;">Ақтөбенің 48 жастағы тұрғыны саяжайда қарасора өсіріп, оны өңдейтін зертхана ашқан, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Саяжайдан есірткі зертханасы табылды

Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жылдам қимылдайтын жасақ қызметкерлерімен бірлесіп, саяжайды тауып, күдіктіні ұстады.

Күдікті саяжайдан соңғы үлгідегі техникалық құралдармен жабдықталған зертхана ашқан. Тұқым мен техниканы интернет дүкендерден сатып алған. Саяжай иесі қарасораны жеке пайдалану мақсатында өсіргенін айтқан.

Қазір қылмыстық кодекстің 297 бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғалып, тергеу басталған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, күдіктіні бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаралған.

Бөлісу:
Саяжайдан есірткі зертханасы табылды · Egemen Qazaqstan