Павлодарда 7 адам белгісіз заттан уланып қалды
<p style="text-align: justify;">Павлодар облысында 7 адам белгісіз заттан уланды. Адам шығыны бар, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> өңірдің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p> <p> </p>
«Барлығы 7 адам зардап шекті. Оның 3-і үйінде қайтыс болды. Қалған 4 адам Ертіс аудандық ауруханасына жеткізілді. Оның ішінде 1 пациент аурухананың қабылдау бөлімінде тағы бір зардап шегуші реанимацияда жан тапсырды. Қазіргі уақытта 1 пациенттің жағдайы ауыр және 1 азамат қалалық №3 ауруханаға ауыстырылды», делінген ресми хабарламада.
Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аталған азаматтар белгісіз заттан уланған.
«Ауруханадағы пациенттерге тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», дейді ведомстводан
