Әлемде қант бағасы қымбаттауы мүмкін
<p style="text-align: justify;">Бұған Үндістанның экспортты шектеуі себеп. Ал үнді үкіметі ішкі нарықтағы қымбатшылықтың алдын алу үшін осындай қадамға барған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.</p>

Жаһандағы ең ірі экспорттаушылардың бірі 6 жылдан бері алғаш рет сыртқы сатылымды кідіртіп отыр. Яғни қыркүйекке дейін мемлекет бар-жоғы 8 млн тоннасын сатуы тиіс еді. Алайда жасалған келісімдер қазірдің өзінде 7 миллионнан асқан. Демек алдағы үш айда экспорт тоқтайды. Бұған дейін де әлемдегі қант құны соңғы 5 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жеткенін айттық. Ол кезде Бразилияның өндірісті азайтуы әсер еткені белгілі. 23 мамырдан бастап, Қазақстан аумағынан да 6 ай мерзімге қант пен шикі қантты алып шығуға тыйым салынды. Ал ауыл шаруашылығы министрлігі қант импортын 32 процентке төмендететінін мәлімдеді.
Аяна Тоғанбек
