Аймақтар
1 мин оқу 324

Ақмола облысында суға батқан екі адамның денесі табылды

<p style="text-align: justify;">Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай Есіл және Бұланды аудандары аумағындағы су қоймаларында болған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Мамырдың 28-інде сағат 15:00 шамасында Есіл ауданындағы Жаныспай ауылынан 250 метр қашықтықтағы Жаныспай өзенінен 63 жастағы ер адамның денесі табылды. Оны куәгерлер көріп, судан алып шықты. Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 2 адам және 1 арнайы техника, аудандық ПБ жеке құрамынан 8 адам және 2 техника шақырылды. Қазіргі кезде ер адамның өліміне қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды», деді ведомстводан.

Сонымен бірге, мамырдың 29-ында сағат 11:30 Бұланды ауданының Боярка ауылы маңындағы Қарағай кентінде 32 жастағы ер адамның денесін сүңгуірлер судан алып шықты.

Куәгерлердің сөзінше, ол 28 мамыр күні сағат 15:00 шамасында қайықтан құлап, тоғанның суына батып кеткен.

Бөлісу:
Ақмола облысында суға батқан екі адамның денесі табылды · Egemen Qazaqstan