Театр
1 мин оқу 420

«Адасқандар» абыройға бөледі

<p style="text-align: justify;">Қарқаралыда актриса Шолпан Жандарбекованың туғанына 100 жыл толуына орай халық театрларының облыстық деңгейдегі байқауы ұйымдастырылды. Өнер бәйгесінде Атығай Шанин атындағы жергілікті театр ұжымы бас жүлдені жеңіп алды.</p>

«Адасқандар» абыройға бөледі

Аталған театр байқауда көрермен мен қазылар алқасының назарына өнер қай­раткері Кеңес Жұмабековтің «Адас­қандар» драмасын ұсынды.

Атығай Шанин театрының режиссері Арайлым Құснидтенова қойылым көрер­меннің жүрегіне жол таба алғанына қуа­ныш­ты екенін жеткізді.

– Шығарманың мән-мағынасы өте терең және оқиғасының желісі басты кейіп­­керлердің шынайы сезімдерін жан-жақты ашып көрсетеді. Әлбетте, қазылар алқа­сының актерлеріміздің еңбегін жоғары баға­лағанына қуаныштымыз. Бұл бірінші жеңісіміз емес әрі соңғысы да болмауы керек деген үміттеміз, – дейді режиссер.

Халық театрларының байқауында Ұлы­тау ауданынан келіп қатысқан «Кең­гір» ұжымына Флорид Буляковтың «Күйеуге шыққан кемпірлер» пъесасының желісі бойынша қойған трагикомедиясы үшін бірінші жүлде берілсе, Шет ауданының орталығы Ақсу-Аюлы кентінің халық театры екінші орынға лайықты деп таныл­ды. Өнер ұжымы қазылардың талқы­сына Ты­нымбай Нұрмағанбетовтің «Табал­ды­ры­ғыңа табын» драмасын ұсынған болатын.

Ал жүлделі үшінші орынды Олжас Жанайдаровтың «Жұт» пъесасын сах­на­лаған Қарқаралы ауданындағы Тәттімбет атындағы ауылдың театры иеленді.

Халық театрлары байқауының же­ңім­паздары мен жүлдегерлері дипломдар­мен, ақшалай сертификаттармен және ар­найы сыйлықтармен марапатталды. Со­­нымен қатар өнер ұжымдарын Шол­пан Жандарбекованың ұрпақтары да құт­тық­­тады.

Қарағанды облысы,

Қарқаралы қаласы

Бөлісу:
«Адасқандар» абыройға бөледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар