Референдум
2 мин оқу 270

Ақпарат баршаға қолжетімді

<p style="text-align: justify;">&laquo;Референдум туралы&raquo; Заңға сәйкес биылғы еліміздегі басты оқиғаға қатысты ұйымдастыру жұмыстары ашық түрде жүзеге асырылып жатыр. Бұл жөніндегі ақпарат баршаға қолжетімді. Орталық референдум комиссиясы аталған іс-шараның әзірлік барысы туралы азаматтарды хабардар етіп келеді.</p>

Ақпарат баршаға қолжетімді

Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты. Оның сөзіне сүйенсек, комиссияның барлық отырысы гибридті форматта, яғни оффлайн әрі онлайн режімде бұқаралық ақпарат құралдарының қаты­су­ымен өткізіліп келеді. Жиындар ОРК-ның интернет ресур­сы арқылы көрсетіліп, сур­до­ау­дармамен қамтамасыз етілген. Әр отырыстан кейін БАҚ өкілдеріне брифингтер өткізіліп, журналис­терге толық мәлімет беріле­ді, дейді орталық өкілдері. Рефе­рендумға қатысты қаулылар, бас­пасөз хабар­ламалары мен өзге де ақ­парат­тық материалдар комис­сия­ның интернет ресурсында ор­на­ластырылған және қол­же­тімді.

«Ақпараттық видео және ­­­аудио материалдар, интернет-баннерлер, мерзімді басы­лым­дарға арналған модульдер әзір­ле­ніп, республикалық және өңір­лік БАҚ-қа таратылған. Осы­лайша, комиссия тарапынан референдумға дайындық проце­сінің ашықтығы мен жария­лылығын қамтамасыз ету бо­йынша барлық қажетті шара қабылданып жатыр», деп нақты­ла­ды жауапты орган өкіл­дері.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровтың айтуынша, алдағы саяси оқиғаға еліміздегі барлық ақпарат құралы жұмылдырылып, тұрақты мониторинг жүргізіліп келеді. Ведомство басшысы БАҚ-та және әлеуметтік желілер арқылы өңірлер бойынша дауыс беру учаскелерін іздеуге байланысты ақпараттық хабарламалар мен графикалық өнімдер тара­тыл­ға­нын жеткізді.

5 мамырдан бастап 499 рес­пуб­­ликалық және өңірлік БАҚ-қа, атап айтқанда 321 газетке, 47 телеарна мен 13 интернет-ресурс­ке бақылау жүргізілді. Әзір­ге үгіт жұ­мыстарына бай­ланыс­ты бұ­з­у­шылықтар тіркел­меп­ті.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов «Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бойынша дауыс беруге арналған учаскені іздеу» серви­сін әзірлеуге қатысты ведом­с­твоның атқарған жұмысы жө­нін­де айтты. Бұл қызмет Gov.kz/referendum, Referendum.gov.kz және Referendum2022.gov.kz ақпараттық платформаларында ұсынылған. Кез келген еліміздің азаматы ЖСН арқылы өз да­уыс беру учаскесін таба алады. Учаскесі табылмаған жағдайда автоматты түрде әкімдіктердің call-орталықтарының тізім­де­рі көрсетіледі. Мұндай қыз­мет түрлері Kaspi.kz және Homebank қосымшаларында да қарас­ты­рыл­ған.

Бөлісу:
Ақпарат баршаға қолжетімді · Egemen Qazaqstan