Референдум
2 мин оқу 1,040

Тарихи маңызы жоғары

<p style="text-align: justify;">Тәуелсіз Қазақстан тарихында өткелі жатқан үшінші референдумның саяси және тарихи маңыздылығы жоғары. Демократиялық сайлаудағы дауыстар болашақ нәтижелерге қатысты саяси артықшылықтарға ауысып және сол нәтижелер легитимдікке ықпал етеді.</p>

Тарихи маңызы жоғары

Референдумды заң шы­ға­ру­шы органда жиналған халық өкілдері бірінші қабылдап, Конституция немесе жарғы тү­ріндегі заңдар­ды ратификациялау немесе қа­был­дамау үшін дауыс беру­ге құқығы бар азаматтарға ұсы­ну деп анық­тауға болады. Рефе­рен­дум – бұл саяси бастаманы қол­дауға шақыратын институт. Со­нымен бірге, референдумды халықтық вето деп атауға да болатын секілді. Бұл заң жобалары түпкілікті қабылданғанға дейін қажет негізгі бағыттардың бірі.

С.Тирнидің 2012 жылы жарық көрген еңбегінде конс­титуциялық процесті анық­таудағы референ­дум­ның үш негізгі мақсаты на­зарымыз­ды аударады: жаңа мем­лекет­тердің құрылуы; Конс­титу­цияларды қабылдау немесе өзгерту; көпұлтты мемлекет­те­р­де субмемлекеттік авто­но­мияның күрделі жаңа үлгі­ле­­рін құру. Елімізде өткелі жат­қан референдумның негізгі қызметтері мыналар деп ойлаймыз: Жаңа Қазақстан құнды­лық­тарын дамыту; ел азаматтарын саяси тәрбиелеу және өзгерту; халықтың әл-ауқаты үшін заңнаманы қамтамасыз ету; ха­лықтың әл-ауқатына қарсы заң­дардың алдын алу және т.б. Демек, біздің елге аз ғана адамдардың игілігі үшін жұмыс істейтін заңдар емес, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағыт­талған, көптің игілігін қамта­масыз ететін заңдар қажет.

Еліміздегі Конституциялық реформалар саяси жүйені түбе­гейлі өзгерту үшін емес, сая­си институттарды жаң­ғыр­ту үшін жүргізіліп жатыр. Осы Конс­титуциялық реформаның аспек­тілері тікелей демок­ратия­ның бір түрі ретіндегі демократияны жетілдірумен байланысты. Жүргізіліп жатқан ре­фор­малардың өзіндік ерек­ше­лі­гін конституциялық-құқықтық өлшемде бағамдасақ, әлеуметтік мем­лекеттің қағидаларымен ұшта­сып жатқаны байқалады. Соны­мен қатар, бұл реформа мем­л­е­кетіміздің егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау және ны­ғай­ту мақсатында да қажет.

Халықтың билік өкілет­тік­те­рін табыстауы, Президенттің конституциялық және құқықтық бас­тамаларына қолдау білдір­уі мемлекет дамуының стратегия­лық мақсаттарын жүзеге асы­ру­дың шарты ретінде таны­лады. Референдум Жаңа Қазақ­стан­дағы жаңа Конституциялық тәр­тіптің іргетасы болмақ. Сон­­дықтан елі­міз­дегі Консти­туция­лық реформа саяси өмірді жан­дан­ды­ра­тын­дығына сеніміміз мол.

 

Мұрат НАСИМОВ,

«Болашақ» ғылыми-зерттеу институтының директоры

Бөлісу:
Тарихи маңызы жоғары · Egemen Qazaqstan