Референдум
1 мин оқу 250

Әркім үлес қосатын бастама

<p style="text-align: justify;">Парламент Мәжілісінің депутаттары, Amanat партиясының республикалық штаб мүшелері Бақытбек Смағұл, Геннадий Шиповских және Балайым Кесебаева Қазалы ауданы тұрғындарымен кездесуде референдумға қатысу қоғамды жаңартуға қосылатын үлес екендігін айтты.</p>

Әркім үлес қосатын бастама

Ардагерлер, ҮЕҰ өкілдері және жастармен жүздесуінде Бақытбек Смағұл басты заңға енгізілетін түзетулер халық­тың әл-ауқаты мен тұрмысын жақсартып, барлық салаға өзгеріс әкелетінін жеткізді.

Депутат Геннадий Ши­пов­скихтің Ақтан батыр, Жанқожа батыр ауылдарының тұрғындарымен, Қазалы вагон пайдалану депосы, локомотив жөндеу зауыты ұжым­­дарымен, аудандағы көлік-техникалық колледжі қыз­меткерлерімен кездесуде ре­фе­рендумның маңызы жайлы мағыналы әңгіме өрбіді.

Ал білім және мәдениет саласының қызметкерлерімен кездескен Балайым Кесебаева жүзеге асырылатын реформа елді демократияландыруға жа­са­лып отырған қадам еке­ні­не тоқталып өтті.

– 5 маусымда өтетін референдум тарихи мәні зор, ел өміріндегі маңызды оқиға. Оған қатысу Жаңа Қазақ­стан­ды құру бастамасына қо­сыл­ған үлес, – деді Балайым Туғанбайқызы.

Кездесулерде тұрғындар жал­пыұлттық референдум өткізу бастамасын қол­дай­тынын және саяси жаң­ғыру үде­рісінен тыс қал­май­тын­дық­тарын жеткізді.

Қызылорда облысы

Бөлісу:
Әркім үлес қосатын бастама · Egemen Qazaqstan