Ерлан Қарин Михаил Швыдкоймен кездесті
<p style="text-align: justify;">Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Ресей Президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкоймен кездесті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://akorda.kz/ru/gosudarstvennyy-sekretar-vstretilsya-so-specialnym-predstavitelem-prezidenta-rossii-po-mezhdunarodnomu-kulturnomu-sotrudnichestvu-mihailom-shvydkim-15751" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Ақорданың</a> ресми сайтына сілтеме жасап.</p>
Кездесу барысында екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ халықаралық құрылымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Тараптар ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастығы қоры шеңберіндегі ықпалдастықты тереңдету мәселелеріне ерекше назар аударды.
Кездесу соңында тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы екі жақты диалогты одан әрі жалғастыруға уағдаласты.
