Қоғам
1 мин оқу 840
«Тілектер ағашы» балалардың тілегін орындайды
<p style="text-align: justify;">Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, ауыр дертке шалдыққан балалардың тілектерін орындау мақсатында «Тілектер ағашы» республикалық акциясы басталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ал бүгін, мерекеге орай алғашқы «Тілектер ағашы» Алматыда, Мақатаев көшесі, 127/1 мекенжайы бойынша орналасқан «MEGA Park» СОО-да қойылыпты.
Қаланың кез келген тұрғыны мен қонағы акцияға қатысып, «Тілектер ағашында» ілулі тұрған балалардың бір немесе бірнеше арман, тілектерін орындай алады.
Жуырда дәл осындай «Тілек ағаштары» Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының және еліміздің 14 өңіріндегі сауда-ойын-сауық орталықтарында орналастырылады.
Аяна Тоғанбек
Бөлісу:
