Абай
1 мин оқу 280

Абай ұлылығын айшықтады

<p style="text-align: justify;">Елордадағы Достық үйінде еліміздегі Әзер&shy;байжан Респуб&shy;ли&shy;ка&shy;сының елші&shy;лігімен бір&shy;лесіп, қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз туралы &laquo;Абайдың ұлы&shy;лығы немесе ХХІ ға&shy;сырда ой&shy;шылдың пор&shy;третін жасауға талпыныс&raquo; атты кітап таныс&shy;тырылды.</p>

Абай ұлылығын айшықтады

Кітап авторы – Әзербайжан та­рихшысы, саясаттану­шы, Әзер­байжан SVS теле­ар­­насының «Сыртқы іс­тер ас­пектілері» бағ­дарла­ма­сы­ның жүргізушісі, Әзер­бай­жан­ның диаспоралармен жұ­мыс жө­ніндегі мемлекеттік ко­ми­те­тінің сарапшысы Теймур Атаев.

Жаңа жинақта автор Абай­дың ойларын Құран аяттары­мен салыстыруға талпыныс жасап, ойшыл идеяларын түсі­ну үшін қазақ тарихы мен ақын өмірбаянының ма­ңызды ерек­шеліктеріне жү­гінген. Оның пікі­рінше, бұл – Абайдың барлық уа­қытта да өзекті саналатын өлең жолдарын терең түсінуге мүм­кіндік береді.

Сондай-ақ іс-шара барысында Теймур Атаев Қазақ­стан халқы Ассамблеясы туралы жылы ле­бізін білдіріп, этно­­мәдени бірлес­тік­тердің қыз­метін дамытуға барлық жағ­дай бар екенін атап өтсе, Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі сая­сат бас­қар­масының басшысы Дәурен Ба­бамұратов қонақтарға этнос­аралық келі­сім­нің қазақстандық үлгісі жайында айтып берді.

Кеш соңында іс-шараға қа­тысушылар этномәдени бірлес­тіктердің кабинеттерін аралап, этностардың тарихы және мәде­ниетімен танысты.

Бөлісу:
Абай ұлылығын айшықтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар