Әлем
1 мин оқу 183

АҚШ-та белгісіз біреу ауруханада атыс шығарды

<p style="text-align: justify;">АҚШ-тағы Оклахома штатының Талса қаласындағы ауруханада атыс болып, бес адам қаза тапты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> BBC сілтеме жасап.</p>

Полиция қызметкерлері оқиға болған Киелі Франциск ауруханасына жеткенінде қарулы шабуылшы мерт болған. Әзірге аты-жөні белгісіз ер адам мылтық пен тапаншамен қаруланған.

Полиция бастығының орынбасары Эрик Далглиш атыс кезінде төрт бейбіт тұрғын мен оқ атқан адамның қаза тапқанын, сондай-ақ көптеген адамның жарақат алғанын мәлімдеді. Полицияда шабуылдың не себеп болғаны жайлы ақпарат жоқ. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:
АҚШ-та белгісіз біреу ауруханада атыс шығарды · Egemen Qazaqstan