Референдум
2 мин оқу 192

Металлургтер реформаның өзектілігін талқылады

<p style="text-align: justify;">Мәжіліс депутаттары, Amanat партиясының мүшелері Берік Әбдіғалиұлы мен Юрий Жулин Қарағанды облысына сапарын шалғай ауылдарды аралаудан бастап, &laquo;АрселорМиттал Теміртау&raquo; АҚ металлургиялық комбинатының ұжымымен кездесті.</p>

Металлургтер реформаның өзектілігін талқылады

Депутаттар металлургтермен Конституцияның ел дамуындағы рөлін және Жаңа Қазақстанды құ­ру­­дағы конституциялық ре­фор­­маның маңыздылығын тал­қы­лады.

Юрий Жулин конституциялық реформа ауқымды және түбегейлі өзгерістерге жол ашатынын атап өтті.

– Конституциялық Соттың құрылуы азаматтардың өздерінің конституциялық құқықтарын қорғау мүмкіндіктерін кеңейтеді. Конституцияға енгізілетін өзге­ріс­тер Конституциялық Кеңес­тің өкілеттігін кеңейтпейді, ке­рі­­сінше, құқықтары мен мүд­де­­леріне нұқсан келтірілген деп са­найтын азаматтарға мә­­се­­ле­ні қарау үшін тікелей Кон­с­титуциялық сотқа жүгінуге құ­қық береді. Бұған дейін Конс­ти­туциялық Кеңес Прези­денттің және Мәжіліс депутат­та­рының 2/3-інің сауалы бойынша осы немесе өзге заңның Конституцияға қаншалықты сәйкес келетіні жө­нін­де түсініктеме берген болатын. Енді Конституциялық сот әрбір қазақс­тандыққа қабылданған ше­­шім­нің айқындығы тұрғы­сы­нан қо­рытынды алу үшін жо­ға­ры қада­ғалау органына жүгіну құ­қығын беретін болады, – деді.

Өз кезегінде Берік Әбдіға­ли­ұлы референдумды маңызды сая­си оқиға екенін атап өтті.

– Мемлекет басшысының мәлі­мдеуінше, Қазақстан та­ри­хы­н­дағы жаңа тарауды Конс­ти­ту­цияға түзетулер ашады. Қо­­ғамның және елдің өміріне жан-жақты әсер ететін елдің сая­си жү­йесін қайта іске қосудың өршіл мақсаттары қойылған, – деді депутат.

Ал «АрселорМиттал Темір­тау» АҚ үшінші домна пеші учас­кесінің жетекшісі Марлен Байбусинов заңға енгізілген то­лық­тырулар мен түзетулер туралы айтып, референдумға өз қол­да­уын білдірді.

– Біз көптеген жыл бойы ел­де­гі халық пен демократия са­на­­сының өзгеруі туралы айтып ке­леміз. Сондықтан референдум бұған ықпал етеді деп санаймын. Мен референдумды қолдау үшін мін­детті түрде 5 маусымда өзім­нің сайлау учаскеме барамын, – деді металлург.

Кездесуге қатысушылар ұсы­ны­­лып отырған жаңа өзге­­ріс­терге талдау жасап, консти­ту­циялық реформаның маңыздылығын, оның ішінде азаматтардың мем­лекетті басқаруға қатысуын ке­ңейту, құқық қорғау саласын ны­ғайту мәселелерін талқылады. Метал­лургтер де зейнет жасын тө­мен­дету мүмкіндігі туралы өз ұсы­ныстарын айтты.

 

Қарағанды облысы

Бөлісу:
Металлургтер реформаның өзектілігін талқылады · Egemen Qazaqstan