Референдум
1 мин оқу 181

Алматыда референдум күні көлік тұрағы тегін болады

Алматыда республикалық референдум күні көлік тұрағы тегін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Alan Parking және «Алматыспецтехпаркинг» компанияларының мәліметінше, 5 маусым күні алматылықтар базарлардың жанындағы қоршалған алаңдарда орналасқан тұрақтар мен тротуар типті тұрақтар үшін ақы төлемейді.

Еске сала кетейік, Конституцияға өзгерістер енгізуге 18 жастан асқан барлық Қазақстан азаматы қатыса алады. Сайлау учаскелері Қазақстанның барлық елді мекендерінде және шетелдік 52 мемлекетте ұйымдастырылады.

Ресми дауыс беру уақыты - жергілікті сағат бойынша таңғы 07:00-де басталып, кешкі сағат 20:00-де аяқталады.

Бөлісу:
Алматыда референдум күні көлік тұрағы тегін болады · Egemen Qazaqstan