Саясат
1 мин оқу 885

Бүлдіршіндерді үш тілде оқытудың қажеті жоқ - сенатор

<p style="text-align: justify;">Сенаторлар бір кездері қабылданған заңға қайта наразылық білдіріп, шет тілдерін 5-сыныптан бастап оқытуға ұсыныс жасады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Бүлдіршіндерді үш тілде оқытудың қажеті жоқ - сенатор

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы бастауыш сыныптың білім беру жүйесіндегі үштілділік бағдарламасын сынға алды.

«Әрине, жастардың ағылшын тілін білуі - уақыт талабы. Бірақ ойлау, сананы дамыту жүйесі әлі толық қалыптаспаған қазақ бүлдіршіндеріне бірден үш тілді оқытудың қажеті қанша?», дейді сенатор.

Сондай-ақ ол әлемнің ең әлеуетті 30 елдің бастауыш сыныптарында қанша тіл оқытылатынын зерттеген.  Дерегінше, екі тіл 1-сыныптан 4 елде, 2-сыныптан 5 елде, 4-сыныптан 12 елде оқытылады.

«Шет тілін білу сауаттылықтың негізгі көрсеткіші емес, әлемдік ғылымды игеруге қажетті құрал ғана», деп келтірді Мұрат Бақтиярұлы.

Салтанат Кенжебай

Бөлісу:
Бүлдіршіндерді үш тілде оқытудың қажеті жоқ - сенатор · Egemen Qazaqstan