Қазақстан
1 мин оқу 1,010

«Жасыл ел» республикалық жастар жасағының жұмысы басталды

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен &laquo;Жасыл ел&raquo; жастар еңбек жасақтарының еңбек маусымының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp; ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.&nbsp;</p>

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жұмысы еліміздің барлық өңірінде басталды.

Маусымның ашылуы аясында экология саласындағы жетекші сарапшылардан пікірталас, семинар-практикумдар, білім беру сессиялары мен мастер-кластар түрінде тақырыптық алаңдар өтті.

«Жасыл ел»  жасақтарының қызметіне 16-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады.

Айта кетейік, 2021 жылы жасаққа 30 000-нан астам жастар жұмысқа орналастырылды. Осы жылы да Қазақстан бойынша 30 мыңнан астам жасты жұмысқа тарту жоспарлануда.

Бөлісу:
«Жасыл ел» республикалық жастар жасағының жұмысы басталды · Egemen Qazaqstan