Референдум
1 мин оқу 1,411

Сенат Төрағасы референдумда дауыс берді

<p style="text-align: justify;">Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев таңғы сағат 09:00-де республикалық референдумда дауыс берді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сенат Төрағасы референдумда дауыс берді

Сенат Төрағасы өз дауысын ҚР Ұлттық кітапханасының ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесінде берді. Мұнда бұған дейін Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаева дауыс берген болатын.

Орталық референдум комиссиясы таңғы сағат 8.00-де Қазақстанның 9 947 учаскесі, сондай-ақ Қазақстанның 19 шет мемлекеттегі дипломатиялық өкілдіктері жанындағы 17 учаске дауыс беруге кіріскенін хабарлады. Осылайша дауыс беру референдумның 9964 учаскесінде өтеді.

Сайлау учаскелері 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. 11 миллионнан астам қазақстандық сайлау учаскелеріне келе алады, 11 мыңнан астам отандасымыз шетелде дауыс беруге құқылы.

Аяна Тоғанбек

Бөлісу: