Театр
1 мин оқу 552

«Балалар мен театр» пилоттық жобасы іске қосылды

<p style="text-align: justify;">Өскелең ұрпақты театр өнері әлеміне тарту мақсатында Нұр-Сұлтан және Алматы қаласында &laquo;Балалар мен театр&raquo; атты ағартушылық пилоттық жоба іске қосылды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Балалар мен театр» пилоттық жобасы іске қосылды

«Нұр-Сұлтан және Алматы қаласында жергілікті бюджет есебінен оқушыларды жеңілдетілген театр абонементімен қамтамасыз ету бойынша «Балалар мен театр» ағартушылық пилоттық жобасы іске қосылды. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласында аталған жоба аясында 7 мыңға жуық оқушы театрға барды. Осы жобаны одан әрі жалғастыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының білім және мәдениет басқармасы екіжақты меморандумға қол қойды», делінген мәлімдемеде.

Салтанат Кенжебай

Бөлісу:
«Балалар мен театр» пилоттық жобасы іске қосылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар