Қазақстан аумағында киік аулауға рұқсат етілуі мүмкін
<p style="text-align: justify;">Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Атап айтқанда, жануарлар жануарлар дүниесін арнайы пайдаланудың келесі түрлеріне рұқсат беріледі деген тарау «киіктердің дериваттарын жинау» тармақшасымен толықтырылады.
Сондай-ақ аң аулауға, кәсіпшілік аулауға, әуесқойлық аулауға, ғылыми-зерттеу үшін аулауға, мелиорациялық аулауға, өсімін молайту мақсатында аулауға, жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда пайдалануға, сондай-ақ эпизоотияны болғызбау мақсатында жануарлар түрлерін пайдалануға, өсімін молайту мақсатында киіктердің дериваттарын жинауға рұқсат беріледі.
Мемлекеттік қызметтерді:
- Екі және одан да көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында жануарларды алып қоюдың, киіктер дериваттарын жинаудың белгіленген лимиттері мен квоталары шегінде ғылыми-зерттеу үшін аулауды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдар;
- Екі және одан да көп облыстарда орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ведомство;
- Киіктердің дериваттарын жинау мақсатында орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ведомствосы көрсетеді.
Құжат 21 маусымға дейін «Ашық НҚА» сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.
