Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасының есебін тыңдады
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысына Ұлттық банктің 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында жүзеге асырылған ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындысы жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://www.akorda.kz/ru/prezident-prinyal-predsedatelya-nacionalnogo-banka-galymzhana-pirmatova-75627" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Ақорданың</a> ресми сайтына сілтеме жасап.</p>
Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыртқы және ішкі нарықтардағы ахуал, инфляцияға қатысты болжам және оның қарқыны, сондай-ақ алтын-валюта резервтерінің жай-күйі туралы мәлімет берілді.
Ғалымжан Пірматов Президентке мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы мен ұлттық төлем жүйесін одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстарын айтты.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-кредит саясатын тиімді жүзеге асыруға, инфляцияны ұстап тұруға және қор нарығының тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.
